377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық компания жанармай құю бекеттерін сатып жіберді

  • 419
  • UPD: 09:42, 02.04.2019

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы өзінің жанармай құю бекеттері желісін сатып жіберді.

Компания 100% еншісін «ҚазМұнайГаз-Retail» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  60,5 млрд теңгеге өткізген. 1 сәуірден бастап қос мекеме арасындағы жанармай құю бекеттерін жалға алу және пайдалану туралы келімшарт тоқтады. Енді олар «Petro-retail»  компаниясының жеке-меншігінде. Келісім шартқа сәйкес, жанармай бекеттерін сатып алған компания қызметкерлердің жұмыс орнын сақтап қалады. Мәселен, екі ай ішінде жаңа меншік иесі барлық өндіріс қызметкерлерін, ағымдағы шарттармен, кем дегенде алты ай мерзімге жұмысқа қабылдауға міндеттенеді. Былтыр жарияланған байқау ережелеріне сай, жанармай құю бекеттеріндегі «ҚазМұнайГаз» маркасы 2019 жылдың аяғына дейін сақталады.

Елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсартуға бағытталған арнайы бағдарламасына сәйкес, 2024 жылға дейін 980 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал импорттау жоспарланған. Олар негізінен  Бразилия, Уругвай, Аргентина, Автралия, Канада және АҚШ-тан әкелінеді. Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам ұрғашы ірі қара мал импортталған. Сонымен қатар, жыл басынан бері уақ мал алуға 100-астам өтінім қабылданып, нәтижесінде 43 мың бас уақ мал сатып алу қаржыландырылды. Ал былтыр 513 өтінім қабылданып, шаруалар 186 мың бас  уақ мал алған.

Өзге жаңалықтарға ойыссақ. Қазақстандықтар сүт және сүт өнімдерін көп тұтына бастаған. Былтыр еліміз бойынша өнімді пайдалану көлемі 7% артқан. Бұл жан басына шаққанда орта есеппен 64 литр. Статистикаға сәйкес, Алматы тұрғындары сүт өнімдерін көп пайдаланады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі 1 адам  тоқсан сайын орта есеппен 77,5 литр сүт өнімдерін тұтынған. Үштікке Ақмола және Қарағанды облыстары кіреді. Тұтыну көлемі артқанын байқадық. Енді өндіріске тоқталсақ, 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында тек сары май өндірсі 2 мың тоннадан асқан. Яғни бұл бағытта біршама өсім бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17%  шамасында артқан. Сондай –ақ, ірімшік пен сүзбе өндірісі де ұлғайып, 4,3 мың тоннаға дейін жеткен. Сүт өнімдерінің бағасы да өскен. Биыл елімізде инфляция деңгейі шамамен 5% болса да, бір жылда ірімшік  бірден 13,3% қымбаттаған. Ал сары май мен сүттің бағасы 10,4% өскен. Дүкендердегі бір келі сары май 2177 теңге шамасында; ал өңделген сүттің  бір литрі 240 теңге. 

Дамыған елдердің көбінде тұрғындар қағаз ақшаның орнына электронды картамен суда жасағанды жөн көреді. Бүгінгі шолудың соңғы жаңалығы қағаз ақшаны ең аз пайдаланатын 10 мемлекет. Forex Bonuses сарапшылары зерттеу жүргізіп, тұрғындары қолма-қол ақшаны сирек пайдаланатын елдердің тізімін жасады. Зерттеу шеңберінде сарапшылар адамдар пайдаланатын дебеттік және кредиттік карталардың санын және электронды төлемдер санын ескерген. Сондай-ақ халықтың мобильді төлемдер технологиясы туралы хабардар болуын да есептеген. Канаданың әрбір тұрғынында кем дегенде екі кредиттік карта бар. Бұл ел электронды төлемдер жиі жасалатын мемлекеттер көшін бастап тұр. Екінші орында Швеция. Ондағы халықтың 59% сауда-саттықта қолма-қол төлем жүргізбейді. Картамен төлейді. Ал британдықтардың 47 % смартфон арқылы төлем жасауға болатынан біледі және бұл қызметті пайдаланады. Сондықтан қағаз ақшаны аса қажет етпейтіндер тізімінде Ұлыбритания үшінші орында. Ондыққа Франция, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Жапония және Ресей кірді.

Хабар 24 телеарнасы