389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі өтіп жатыр

  • 429
  • UPD: 12:29, 25.05.2017

Астанада 8-ші халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі басталды. Шара барысында «Astana Mining & Metallurgy» көрмесі ұйымдастырылмақ.

Жалпы дәстүрлі өтетін бас қосуда әлемдік саяси, іскер, қаржы және тау-кен индустриясы саласының мамандары өзара қарым-қатынасты дамыту, инвестициялар тарту жайын талқылайды. Биылғы бас қосуда қандай тақырып талқыланады?

Әсел Тұмашқызы, тілші:

- Конгресс тау-кен металлургиялық кешенге инвестициялар тарту, «Индустрия 4.0» әлемдік тренді аясында ең перспективалық инновациялық өнімдер мен технологияларды енгізу жайын сөз етпек. Пленарлық отырыста ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Касымбек сөз сөйледі. Жалпы жиын барысында бірнеше сессия болады.

«Нарық көшбасшылары. Даму стратегиялары». Форумының бірінші сессиясы осылай аталады. Мұнда салалық бірлестіктердің басшылары мен шетел сарапшылары нарықтың инвестициялық болжамдары мен үрдістері жайын сөз етпек. Ал конгресстің екінші сессиясы геологиялық барлаудың инвестициялық әлеуетіне арналып отыр. Делегаттар ірі инвесторлардың қаржы жағдайына шолу жасайды. Сондай-ақ еліміздегі жобаларға қойылатын талаптар мен тау-кен компанияларын қаржыландыру механизмдері де сөз болмақ. Сонымен катар үшінші сессия қатысушылары «Жаңғырту және Индустрия 4.0» тақырыбында пікрілерін ортаға салады. Бұдан бөлек осы салада жемісті еңбегімен көпке үлгі болған азаматтар «Алтын Гефест» Ұлттық сыйлығымен марапатталады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы