374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мэрлер форумында Жібек жолы елдерін цифрландыру саясаты талқыланды

  • 233
  • UPD: 18:23, 02.07.2018

Жібек жолы елдерін цифрландыру саясаты қалай жүріп жатыр? Интернет экономиканың бүгінгі қарқыны қандай?

Астанада өтіп жатқан мэрлер форумының кезекті панельдік сессиясы осы сауалдарға арналды. XXI ғасырдағы цифрлы жібек жолы қандай болмақ? 

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

- Цифрлы Жібек жолы қандай боларын әзірге кесіп айту қиын. Бүгінгі форумда тек алғышарттары ғана сөз болды. Қарапайым тілмен айтсақ, Жібек жолы елдері айти саласын экономиканың кез келген саласында сандық серіктестікті жаңа жібек жолының барлық бағыттары бойынша дамытпақ. Атап айтсақ, интернет банкинг жоғары теxнологиялық жобалар ақылды қалалар. Шекара араллық электронды саудаға қатысты біраз әңгіме айтылды. Сарапшылардың айтуынша бүгінде интернет экономика жылына 25%-ға дейін өсіп дамуда. Экономиканың ешқандай саласы мұндай қарқын көрсете алмайды. Сондық цифрландыру мәселесіне осынша көңіл бөлінудің негізгі себебі осы. Айта кетейік, мэрлер форумына 60 елден екі мыңға жуық қатысушы келді. Олардың қатарында ірі мегаполистердің басшылары белгі кәсіпкерлер нобель сыйлығының лауреаттары бар. Бұл бүгінгі күнге жоспарланған соңғы панельдік сессия. Форумның ресми бөлігі аяқталған соң қонақтарға түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

Осы категория бойынша: « АҚШ-тың бизнес өкілдері елімізбен ынтымақты арттыруға мүдделі АХҚО-ға 55 компания тіркелді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы