389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ет экспортын еселеуге ерекше ден қойылған

  • 1041
Қостанай облысында ет экспортын еселеуге ерекше ден қойылған

Қостанай облысында ата кәсіпті дамытып, ет экспортын еселеуге ерекше ден қойылып келеді.

Оған мемлекеттік бағдарламалар барынша ықпал етуде. Былтыр жергілікті шаруалармен шетелден 2 мыңға жуық асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Етті әрі сүтті сиырлармен Қарабалық, Жанкелдин және Қостанай аудандары толықты. Әрбір импорттық мал басына үкіметтен 225 мың теңге субсидия берілді. Облыс үшін сыртқы нарықта саудаланған еттің көлемі 1430 тоннаны құрады. Ал «Еңбек» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге 3 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінді.

Төлеутай Ержанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Облыс бойынша 80 мың асыл тұқымды мал бар. Оның ішінде 30 мыңы – аналық. Асыл тұқымды малмен 24 шаруашылық айналысады. Олар өсірген төлдерін сыртта және облыс ішінде сатады.

Хабар 24 телеарнасы