380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореялық инвесторлар елімізде никель өндіретін зауыт салуға ниетті

  • 162
  • UPD: 18:02, 10.01.2020

Оңтүстік кореялық инвесторлар Қазақстанда никель өндіретін зауыт салуға ниетті. Кәсіпорын кеннен тек нИкель ғана емес, басқа металдарды да бөліп алуды меңгерген. Ал зауыт жабдықтары өзге нұсқаларына қарағанда әлдеқайда арзан.

Никель зауыты Кванъян еркін экономикалық аймағында орналасқан. Қазір бұл өндіріс Индонезиямен де келісімшарт жасасты. Онда никель кенін өңдейтін зауыт салынады. Индонезия кенінде никель бір жарым процентті құрайды. Жаңа технологиялардың арқасында бұл зауытта никельден басқа кремний, магний және темір өндеуге болады.   

Пак Мин Гю, өндіруші компаниясының президенті: 

- Технологиямыз кендегі никельдің барлығын дерлік алып тастауға мүмкіндік береді. Қалдықтардан пайдалы ресурстар алынады және мұндай өндіріс Қазақстан экономикасына үлкен көмек. Технология тартылатын инвестиция басқаларға қарағанда жиырма пайызға аз. Ал табысы жиырма есе көп. 

Реакторлар полимерлі материалдан жасалған. Бұл өндіріс шығындарын азайтады. 

Виктор Ким, өндіруші компаниясының ғылыми бөлімінің басшысы: 

-Біз қазір полимерлі материалдардың жаңа түрін қолданамыз, олардан реакторлардың барлық түрі жасалады және біздің зерттеулер көрсеткендей, олар үлкен жүктемелерге шыдас береді. 

Қазақстанда никель Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында өндіріледі. Енді өндіріске жаңа технологиялар енгізілсе үлкен табыс әкелері сөзсіз.    

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Корея Республикасындағы Елшісі: 

- Осы технологияның иесі болып табылатын компанияның Қазақстанға сапары жоспарлануда, онда бұл технологияны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі туралы қазақстандық мемлекеттік органдармен келіссөздер өтеді. 

Никель әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Ол тот баспайтын болат, сондай-ақ электромобильдерге арналған батареялар өндірісі үшін қолданылады. Қазіргі уақытта Лондон металл биржасында бір тонна никельдің бағасы шамамен он төрт мың доллар. 

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы