384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың жағалау күзеті 18,5 тонна есірткі тәркіледі

  • 506
  • UPD: 14:47, 19.05.2017

АҚШ-тың жағалау күзеті Тынық мұхитында тәркіленген 18,5 тонна кокаинды Флоридадағы Эверглейдс кемежайына жеткізді.

Сақшылардың мәлімдеуінше, заңсыз тауарлар Орталық және Латын Америкасынан шыққан кемелерді тексеру барысында табылған. Операция сақшылар үшін қиынға соқты. Өйткені рейд барысында қылмыскерлер қатты қарсылық көрсетіп, құтылып кетуге тырысқан. Ал тәркіленген есірткінің құны 500 миллион АҚШ долларына тең.

Скотт Кленденин, АҚШ жағалау күзетінің капитаны:

Канада жағалау күзетінің күштерімен бірлесе жүргізген қауіпті операциямыз оңайға соққан жоқ. Көбіне қылмыскерлер қарсылық көрсетіп, қашып құтылуға тырысады. Сондықтан күдіктілерді ұстау ұзаққа созылып кететін жағдайлар да аз емес.

Хабар 24 телеарнасы