389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның Санта-Катарина штатында мыңға жуық қару-жарақ тәркіленген

  • 483
  • UPD: 12:09, 27.04.2018

Бразилиялық Санта-Катарина штатының билігі жергілікті қылмыстық топтардың қару-жарағын тәркілеуді діттеп отыр.

Бразилиялық штаттың билігі мен полициясы бұзақыларды қамауға қауқарсыз болса да, олардың қаруын тартып алуға мүмкіндігі бар. Аталған іс-шараның алғашқы күнінің өзінде-ақ қаладағы полиция учаскесі қаруға лық толды. 

Соңғы үш жыл ішінде полиция бұзақылардың қолынан тапаншадан бастап автоматқа дейінгі мыңға жуық түрлі қару-жарақ түрін тәркілеген. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл қарулардан күн сайын кем дегенде он адам ажал құшқан.

Бүгінгі таңда Санта-Катаринада ондаған қылмыстық топтың қаруы тәркіленді. Әдетте суық қарудың түр-түрі қаланың кедей аудандарындағы лашықтарда немесе жертөлелердегі қоймаларда сақталады. Тәркіленген қару ішінде қолдан жасалған граната, екінші дүниежүзілік соғыс кезінің мылтықтары мен колумбиялық есірткі барондарының алтын жалатылған алтыатарлары да бар. Мұндай арсеналды тіпті қару музейінен де көру мүмкін емес.

Солоу Ниченко, заңгер:

- Мына қарулар олжа емес, бұлар нағыз қылмыс құралы. Бір тапаншаның өзінен қанша адам жарақат алса керек-ті. Ал біз жүздеген қаруды тәркіледік. Бұзақылардың қолында әлі қанша қару бар екені белгісіз.

Қолдан жасалған тапаншалар да аса қауіпті. Бұл бандиттер арасында өте кең таралған, бірақ ең қауіпті қару саналады. Қылмыс кезінде қарақшының қолындағы осы тектес қарудың жарылып кетуі немесе мүлде басқа бағытқа қарай оқ атуы туралы оқиға көп тіркелген. Қалай болғанда да, Бразилия билігі қылмыстық топтарды қарусыздандыру олармен күресудің алғышарты деп біледі. Полиция қаскүнемдердің қолынан басты құралын тартып алған соң, қылмыскерлерді темір торға қамап, қаланы тазартуға ниет білдіріп отыр.

Авторлары: Анна Орлова, Дмитрий Лукша, Рафаэль Франзони

Хабар 24 телеарнасы