388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан электромобильдер үшін кедендік баж салығын алып тастады

  • 590
  • UPD: 15:43, 19.07.2018

Енді соған байланысты электр қозғалтқышы бар көлік атаулы бұл мемлекетке кідірмей өте алады.

Электромобильдер үшін кедендік баж салығы алынып тасталды. Енді елде үнемді көлік түрлері көбейеді деген сөз. Заманауи автомобиль анағұрлым шығынсыз дейді мамандар. Ал үкімет басындағылар осындай мүмкіндікті қалт жібермеуге бекініп отыр.

Жаманак Мусурканов, Қырғыз Республикасы мемлекеттік кедендік қызметінің баспасөз хатшысы:

- Баж салығын төмендету  елге электрлі және гибридті көліктердің көптеп келуіне жол ашады. Бұл өз кезегінде ескірген техниканың азаюына сеп болады.

Үкімет өкілдері гибридті қозғалтқышты көліктерге де екпін беріп отыр. Мұндай көліктердің бір текше сантиметрін рәсімдеу үшін 5-6 цент жұмсалады.

Жұмақадыр Акенеев, экономика ғылымдарының докторы:

- Меніңше, бұл автомобиль парктерін жаңартуға мүмкіндік береді. Азаматтарымыз жаңа көлік алады. Халықты осындай темір тұлпарлармен қамтамасыз ету үшін 1,5 жыл кетеді деп ойлаймын.

Сарапшы айтып отырған 1,5 жылда нольдік және төмендетілген кедендік рәсімдеу шаралары енгізіледі. Ал 2020 жылдың басынан бастап, қырғыз елі Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғарғы кедендік тарифті енгізбекші.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы