419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшалық шебер мұқтаж жандарға аяқ киім тігіп беріп жүр

  • 953
  • UPD: 09:47, 11.03.2019
Польшалық шебер мұқтаж жандарға аяқ киім тігіп беріп жүр

Польшаның Вроцлав қаласындағы аяқ киім шеберханасының бірі үйсіз-күйсіз жүрген жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырған.

Ақшалай емес, заттай. Мұнда ескі аяқ киімдерді жөндеп, мұқтаж адамдарға тегін таратады.  Шеберхана ескі-құсқы аяқ киімдерді жинау үшін онлайн-науқан да жүргізген. Шара бірден көпшіліктің қолдауына ие болып, тұрғындар ескі киімдерін көптеп әкелетін болған.

Патрик Цесликовский, аяқ киім шебері:

- Өзгелерге көмектескенді  ұнатамын. Мұндай мүмкіндік болса, неге пайдаланбасқа. Әрине, менде тапсырыс көп. Бірақ мұқтаж жандардың аяқкиімін жөндеп беруге аз-маз уақыт бөлгенді жөн санаймын.

Хабар 24 телеарнасы