379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда мешітте қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті 

  • 102
Жаңа Зеландияда мешітте қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті 

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында жуырда мешіттегі лаңкестіктен қаза тапқандарды еске алу рәсімі ұйымдастырылды.

Шараға 15 мыңнан астам адам қатысты. Жиналғандардың алдына Линвуд мұсылман орталығының имамы шығып сөз сөйлеп, халықты мейірімділікке шақырды.

Естеріңізге салайық, жуырда қаруланған австралиялық тұрғын Брентон Таррант Крайстчерч қаласындағы мешіттердің бірінде атыс ашып, 50 адамды мерт қылды.

Хабар 24 телеарнасы