389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиялық тәртіп сақшылары бір топ мигрантты ұстады

  • 230
Италиялық тәртіп сақшылары бір топ мигрантты ұстады Парламентская газета

Лампедуза айлағына жасырын келген 25 солтүстікафрикалық мигрант порт маңында тәртіп сақшыларына ұсталды.

Арасында әйелдер мен балалар болған мигранттар тобы италиялық аралға ливияның Зувара қаласынан келген. Айтуларынша, олар осында жету үшін бір тәулік бойы қайықпен жүзіп келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Sea-Watch кемесінің капитаны Карола Ракете Лампедуза аймағына рұқсатсыз келгені үшін қамауға алынған еді. Кейін осыған байланысты Италия мен Германия арасында дипломатиялық дау туған болатын. Ал бұған дейін аталған кеме құтқарылған африкалық мигранттармен бірге халықаралық суларда екі апта бойы жүзіп жүрген.

Хабар 24 телеарнасы