384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконг тұрғындары тағы ереуілге шықты

  • 129
  • UPD: 13:59, 14.07.2019
Гонконг тұрғындары тағы ереуілге шықты

Гонконг тұрғындары қайта ереуілге шықты. Осы жолы халық Қытайдан келген саудагерлерге қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай қытайлықтар осы елден салық салынбайтын тауарды арзан бағамен алып Қытайға саудалайды. Тұрғындардың айтуынша, осының салдарынан аймақта тұрғын үй бағасы қымбаттады. Шён Шуй қаласында ұйымдастырылған наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Жиналған жұртты тарату үшін полиция шоқпар мен бұрышты газ қолданған. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы