388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина Донбастағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтату құжатын бекітті

  • 167
  • UPD: 14:01, 02.10.2019
Украина Донбастағы қақтығысты бейбіт жолмен тоқтату құжатын бекітті

Украина Донбастағы қақтығысты бейбіт жолмен тұрақтандыру үшін «Штайнмайер формуласын» бекітті.

Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Бұл құжат өңірдің ерекше мәртебесін айқындайтын болады. Ол үшін Украина заңдарына сәйкес жергілікті сайлау өткізілуі керек. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы дауыс беру прцессін халықаралық стандартқа сай өткенін мойындауы керек. Сондай-ақ Зеленский Минсктегі кездесу кезінде украиналық тұтқындарды босату мәселесі де талқыланғанын да мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Киев Штайнмайер формуласын қабылдады. Бұл дегеніңіз Донбастың ерекше мәртебесін айқындайтын уақытша заң жобасы. Ең маңыздысы! Халықаралық демократиялық стандартқа сай жергілікті сайлау өткізу. ЕҚЫҰ бұл үдерісті растаған соң заң тұрақты негізде күшіне енеді. Жаңа жүйеде қызыл сызықты ешкім аттамауы тиіс. Егер қандай да бір әскер болса, сайлау мүлдем болмайды деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы