411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк штатының бес ауданы ашылады

  • 90
  • UPD: 12:07, 15.05.2020
Нью-Йорк штатының бес ауданы ашылады

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо аймақтағы 5 ауданда карантин режимі жеңілдейтінін хабарлады.

Губернатор брифингте берген сұхбатында штатта бір тәулікте коронавирустен 157 адам жан тапсырғанын мәлімдеді. Өңірде вирус жұқтырғандардың саны мен өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған жаңа науқастардың қатары да азайды. А

йта кетейік, бүгінде Нью-Йорк штатында COVID-19 дертінен қаза тапқандардың саны 22170 -ке жетті.

Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы:

- Штаттың кейбір аймақтары біртіндеп ашылатын болады. Ал, вирус өршіп тұрған өңірлер әзірге карантинде болмақ. Шектеу шараларының жеңілдеуі вирус жұқтырған жаңа науқастар мен індет құрбандарының санына байланысты. Қауіптіліктің жалпы деңгейіне қарай тиісті шешімді қабылдайтын боламыз. Өйткені әр өңірдің жағдайы әртүрлі.

Хабар 24 телеарнасы