431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Миссисипи штатының туы өзгерді

  • 258
  • UPD: 14:37, 01.07.2020
Миссисипи штатының туы өзгерді

АҚШ-та Миссисипи штатының туы өзгерді. Туды өзгерту туралы заң жобасын штат губернаторы Тейт Ривз мақұлдады.

Бұндай шешімнің қабылдануына аймақтағы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін нәсіл-діл-шілікке қарсы ұйымдастырылған наразылық акциялардың белең алуы себеп болды. Ескі ту Джексон қаласының Капи-толий ғимаратынан төмен түсірілді. Ал жаңасы әкімшілік ғимараттар мен өзге де мекемелерде ауыстырылып жатыр. Аймақта жүргізілген ресми сауалнамаға сәйкес тудың өзгеруі туралы заңды тұрғындардың 55 проценті қолдаған.

Айта кетейін, көпшіліктің пікірінше Конфедерацияның ескі символикасы 19-ғасырда азаматтық соғыс жылдарындағы құлдық кезеңін бейнелейді.

Хабар 24 телеарнасы