427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда ер адам балаларға пышақпен шабуыл жасады

  • 164
  • UPD: 11:23, 21.09.2020
Қытайда ер адам балаларға пышақпен шабуыл жасады

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында пышақпен қаруланған адам балабақшаның жанында өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады.

Жеті адам жарақат алды, оның ішінде бес бала бар, деп хабарлады Қытайдың орталық теледидары.

Зардап шеккендердің арасында төрт бастауыш сынып оқушысы, бір балабақшаға баратын бала, бір ересек адам және шабуылдаушының өзі бар. Екі бала ауыр жарақат, ал үшеуі жеңіл жарақат алған.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Шабуыл жасаған адамды полиция қамауға алды.

Тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы