384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық көрермендер «Париж Құдай анасының соборы» операсын тамашалайды

  • 541
  • UPD: 16:05, 13.01.2017

Кәрі Құрлықта көрермен көзайымына айналған классика енді талғамы асқақ астаналықтарға да көрсетілмек.

Елордалық көрермен француз композиторы Морис Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» операсын 15 және 18 қаңтарда «Астана Опера» театрының үлкен залында тамашалай алады. Кейінірек 1 және 2 ақпан күндері аты аңызға айналған спектакльді астаналық өнерпаздар Санкт-Петербургтің «Маринский» театрында орындайды. Ресейдің мәдени астанасының басты театрында бұл қойылым бұрын-соңды сахналанбаған. Сондықтан да ресейлік көрермен елордалық балетшілерді тағатсыздана күтіп жүр.

Бақтияр Адамжан, «Астана опера және балет» театрының жетекші солисті:

- Санкт-Петербург қаласының театрында балет жағынан біз бірінші рет шығамыз. Ол біз үшін зор абырой. Біз онда «Париж Құдай анасының соборы» операсын дайындап алып бара жатырмыз. Бұл спектакль ол театрда алғаш болып қойылғалы жатыр екен. Осындай жағдайды жасап отырған ресейлік әріптестерге біз мың да бір алғыс айтамыз. 

Хабар 24 телеарнасы