384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда «Бала дауысы-2017» ән байқауының іріктеу кезеңі өтті

  • 627
  • UPD: 09:28, 06.06.2017

Құрамында былтырғы сайыста топ жарған жас өнерпаздар бар қазылар алқасы 80-ге жуық өреннің өнерін тамашалады. Ережеге сәйкес алғашқы сынақтан сүрінбей өткен үміткерлер маусым айының соңында Алматыға шақырылып, бір ай кәсіби мамандардан сабақ алады. Бағы жанып, жоба жеңімпазы атанған жеткіншек қазақстандық өнер академиясына грант және «Парижге саяхат» жолдамасына ие болады.

«Көптеген байқауларда балалар ересек әншілер айтатын әндерді орындап жүр. Осы олқылықтан арылу үшін ақтық кезеңге өткен 16 баланың әрқайсыcына жаңадан ән жаздырып береміз. Сондай-ақ олардың байқау барысында орындайтын үш әнді әрлеу қаражатын да көтереміз», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, іріктеу сыны аймақтарда 3 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді. Күзде Алматыдағы мұз айдынында қорытындыланады.  

Мұрат Исаханов, «Бала дауысы-2017» байқауының директоры:

-Байқаудың басты ерекшелігі сайыс соңында жас орындаушыларға арналған жаңа әнжинақтың тұсауы кесіледі. Балалар шығармашылығын дамытуға арналған ән кітапшасы жыл соңына дейін еліміздегі барлық мектеп пен бөбекжайларға тегін таратылып беріледі.

Хабар 24 телеарнасы