377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкекте Орталық Азия қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ашылды

  • 204
  • UPD: 23:25, 23.12.2018

Шара әр халықтың қолөнер мұрасы мен ұлттық құндылықтарын  насихаттауды көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолөнер шебері Лилия Кылышбекова Қырғызстанға Жамбыл облысынан келді. Ол ұлттық нақыштағы қуыршақ жасаумен айналысады. Оның бұйымдарының әрқайсысы асқан сүйіпеншілікпен жасалғаны көріп-ақ тұр. Қуыршақ қолмен тігілетіндіктен аса шыдамдылықты, шығармашылықты талап етеді. Әрқайсысы қайталанбас туынды десем, артық айтпағандық, дейді шебердің өзі.

Лилия Кылышбекова, қолөнер шебері:

- Ең алдымен мен қуыршақтың үстіңгі жағын дайындап аламын. Содан соң, ою-өрнекті қолмен тоқуға кірісем. Оюдың да түрі көп қой, соның ішінен киімге арналғанын таңдаймын. Ең соңында түрлі түсті моншақтармен сәндеп, қадап шығам.

Шығыс өрнектерімен безендірілген өзбек ыдыстарын да алыстан жазбай тануға болады. Оның артықшылығы - экологиялық тазалығында. Кесе, шәйнектері, табақтары барлығы қыштан жасалған. Әрине, мұндай ыдыс-аяқ фарфорға қарағанда жылуды әлдеқайда ұзақ ұстайды. Киім үлгілері, зергерлік және қолданбалы өнер бұйымдары. Жаңа жылдық мерекеге орай ұйымдастырылған қолөнер шеберлерінің көрмесіне келушілер бұл жерден кез келген іздеген затын таба алады. Тек жақындарына сыйлық алып қана қоймай, өздеріне қажет заттар сатып алып жатқандар да бар.

Светлана Тихонова, жергілікті тұрғын:

- Мына гүлді сатып алдым. Бір керегіме жаратамын. Мүмкін көйлегіме тағармын. Маған қолданбалы өнерде барлығының табиғи өнімнен жасалатыны ұнайды.

Орталық Азия қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі - бұйымдардың өзге жердегі сауда нүктелеріндегі бағаға қарағанда әлдеқайда арзан сатылуымен де ерекшеленеді.

Авторы: Бакыт Чермашев 

 

Хабар 24 телеарнасы