384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп жатыр

  • 241
  • UPD: 22:47, 29.06.2019
Елордада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп жатыр

«Астана Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты шоу-концерті басталды.

Әнші кеш шымылдығын «Golden Intro» әнімен ашты. Артынша «Аққуым» әнін орындады.

Еске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні және Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Концерт ұйымдастырушылары айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар. Польшадан 20-ға жуық адам келген.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы