378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ә.Кекілбаевтың туған күніне орай «Нартәуекел» спектаклі сахналанды

  • 226
  • UPD: 09:41, 06.12.2019
Ә.Кекілбаевтың туған күніне орай «Нартәуекел» спектаклі сахналанды

Бүгін қазақ әдебиетіндегі өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туған күні, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Жастар театры жазушының «Нартәуекел» пьесасын  көрермен  назарына ұсынды. Бұған дейін  өнер ұжымы «Абылай хан» халықтық қаһармандық драмалық дастанын «Нартәуекел» деген атпен  2016 жылы қойған болатын. Спектакльде  қазақ халқының ғасырлар бойғы арман-мүддесі мен мақсат-тілегі  Абылай хан бейнесі арқылы жеткізіледі. Айта кетейік, осы қойылым 2017 жылы еліміздің  ұлттық театрларының төртінші республикалық фестивалінде «Тарихи тақырыптағы режиссерлік шешім үшін» және «Үздік ер адам» номинациялары бойынша үздік деп танылды.  Араға уақыт салып пьеса Әбіш Кекілбаевтың мерейтойына орай елорда жұршылығы мен қала қонақтарына қайта ұсынылып  отыр. Қойылым режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұрқанат Жақыпбай.

Нұрқанат Жақыпбай,  «Нартәуекел» спектаклінің қоюшы режиссері:

– Бұл халқымыздың кемеңгер перзенттерінің бірі Абылай хан туралы өте әдемі тілмен, философиялық терең тілмен жазылған дастан. Оқиғасы өте сенімді, нанымды.  Әбіш ағамның драмалық шығармасының біреуі деп айтуға болады. Ол кісі повестер, үлкен шығармалар жазғанымен драма жазған жоқ. Халыққа керек шығарма деп есептейміз.

Клара Жұмабаева, Ә.Кекілбаевтың жары:

– Биыл өте жақсы болып жатыр. Алматы бастады. Алматыда көше берді. Бірінші тұрған үйінде тақта қойды. Одан кейін Ақтауда. Ақтауда ескерткішін жақсы шығарды. Музейін жасады. Мектебінің атын берді. Атырауда да жақсы. Бәріне де ризамын. Астанада да бүгін, ертең  болатын шараға көп-көп еңбектеніп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы