419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен «Жыл әні» фестивалінде өнер көрсетті

  • 222
  • UPD: 17:18, 07.12.2020
Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен «Жыл әні» фестивалінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен «Жыл әні» фестивалінде үш әнін орындады.

Қазақстандық әншінің өнерін тамашалауға әр қаладан жанкүйерлер келді, деп хабарлады dimashnews.com.

5 желтоқсанда Мәскеудегі ВТБ аренасыда «Жыл әні» дәстүрлі концерті өтті. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап аңызға айналған фестиваль бұл жолы әншілер мен олардың жанкүйерлері үшін үлкен және көптен күткен мерекеге айналды. Бұл – коронавирус пандемиясына байланысты локдауннан бері Ресейде өткен алғашқы ауқымды концерт.

Dimashnews хабарлағандай, кеште Димаш үш ән шырқады: «Там, где живет любовь», «Your Love» және «Я скучаю по тебе» әні.

Қазақстандық әнші ұзақ үзілістен кейін тыңдармандардың алдында өзін таныстырып, бұрын-соңды болмаған күш-жігерді сезінді.

«Қазір мен ерекше эйфорияда тұрмын. Мен 9 айдан бері сахнаға шықпадым, сондықтан көпшілік алдында тағы да өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын, әсіресе осы қиын кезеңде. Мені қолдауға келгендеріңіз үшін рахмет. Мен сіздерді өте жақсы көремін!», - деді Димаш.

Хабар 24 телеарнасы