366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде құқық бұзу деректері азайды

  • 290
  • UPD: 02:27, 08.12.2017

Елімізде құқық бұзу деректері былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25 пайызға азайған.

Өткен жылы құқық қорғау органдарына түскен шағымдар саны 40 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 10 мың дерекке кеміген. Бұл туралы бүгін «Адам құқықтары - қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» атты отырыста еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов хабарлады.

Асановтың айтуынша, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қолға алынған «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасы арқылы 1 мың 200-ден астам іс тергеліп, қысқа мерзімде 263-і сотқа жолданды.

Айта кетейік, Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі дөңгелек үстелге мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова және Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:

- Яғни бұрынғыдай кінәлаушы тұрғыдан емес, бұл өткен заманда, өткен дәуірде болған тек ғана мемлекеттік кінәлаушы деген ұғымнан өзгеріп, азаматтардың құқығын қорғау.

Хабар 24 телеарнасы