366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде кәсіпкер әйелдер төмен пайызбен несие ала алады

  • 197
  • UPD: 09:35, 22.07.2018

Биыл еліміздегі кәсіпкер әйелдер төмендетілген пайызбен 10 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Мұндай бастаманы «Атамакен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесі қолға алып отыр. Жаңа бағдарлама бойынша осы мақсатта екінші деңгейлі банктерден 1 млрд теңге қаражат бөлінбек. Жеңілдетілген несие, қызмет көрсету, туризм, жол бойындағы бизнес салаларында ерекше жобалары бар нәзікжанды кәсіпкерлерге беріледі. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 4 жеке кәсіпкер өтініш білдірген. Болжам бойынша аймақта 40 шақты кәсіпкер әйел аталған бағдарлама бойынша өз кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алмақ.

Айта кетейік, жалпы қазір өңірде 10 мыңнан астам қыз-келіншек кәсіпкерлікпен айналысады.

Жанаргүл Жұмабекова, жеке кәсіпкер:

- Бизнесте бір орында тоқтап қалмай, жаңа жобаларды бастағың келеді. Бірақ оған қол қысқа. Мәселен, банктердің көбісінде пайыздық үстемесі өте жоғары. Оны қайтару оңай емес. Ал мына бағдарлама бойынша несие 5 пайызбен беріледі екен. Ал алған қаражатыңды 5-6 жылдың ішінде өтейсің. Бұл өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы