389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алик Шпекбаев әріптестеріне Қорғаныс министрін үлгі етті

  • 660
  • UPD: 15:07, 03.10.2018
Алик Шпекбаев әріптестеріне Қорғаныс министрін үлгі етті

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев министрлерге өздеріне қарасты ведомство ішіндегі парақорлықпен күресті күшейтуге шақырды.

Мәселен, Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықты жоққа шығармаған министр Нұрлан Ермекбаевты үлгіге ала отырып, басқа да әріптестерін ашық болуға үндеді. Алик Шпекбаев бұл мәлімдемесін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Айтуынша, агенттік жұмысы нәтижелі болу үшін өзге де мемлекеттік органдар ортақ жұмысқа жұдырықша жұмыла атсалысуы керек.

Еске салайық, күні кеше Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанның қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетіні жөнінде айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы