Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әрбір педагог «Ұстаздар мәртебесі туралы» заңға ұсыныс енгізе алады

  • 3715
  • UPD: 23:36, 22.10.2018

Әр педагог келер жылы қабылданатын «Ұстаздар мәртебесі туралы» заңға ұсыныс пен өзгеріс енгізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Қазір Білім және ғылым министрлігі арнайы жұмыс тобын құрып, Президент жолдауындағы тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісті. Оның ішінде арнайы интернет парақшаға келіп түскен ұсыныстарға ерекше назар аударылып отыр.

Бұл – Ирина Шэ. Балабақшада музыкадан тәлім береді. Еңбек өтілі – 20 жыл. Нағыз өз ісінің фанаты деуге болады. Әйтесе осыншалық ауыр жүкті арқалар ма еді. Неге ауыр дейміз. Өйткені келісімшартта көрсетілген негізі міндетінен бөлек қосымша жұмыстар атқарып, әртүрлі құжат толтыруға мәжбүр. Иә, қазір балабақшада да мектептегі «күнделік» сияқты жобалар бар. Бірақ, бір өкішінтісі, ол кейінгісі сияқты электронды үлгіде емес, бәрін қолмен жазуға тура келеді.

Ирина Шэ, №37 балабақшаның музыка бойынша жетекшісі:

- Соңғы кезде құжатбастылық көбейіп кетті. Оның бәрі шығармашылыққа әсер етері анық. Сондықтан жақсылап демалуға және қосымша ізденуге уақытымыз бола бермейді.

Алдымен ажыратып алу керек. Ұстаз деген бар, педагог деген бар. Көбіне алғашқысы жайында жиі айтылады да, ал кейінгісі соның көлеңкесінде қалып жатады. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қажеттілігі де осыдан шығып отыр ғой. Әсіресе дәл осы балабақша қызметкерлерін біз баламыз мектепке барғанша ғана қажет етеміз де, кейін оларды пысқармаймыз. Ал жалақысын естісең, жаның ашиды. Сондықтан салаға бір серпіліс керектігі жайында бұрыннан айтылып жүр.

Людмила Саинова, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының директоры:

- Бұл – өте маңызды және көптен бері күтіп жүрген құжат. Өйткені педагог мамандардың жұмысы тым ауыр және, өкінішітісі, елеусіз қалып жатады. Осыған байланысты заң жобасына осы мамандардың әлеуметтік мәселелерін шешетін және қоғамдағы рөлін арттыратын тетіктер енгізіліп жатыр. Барлық ұсыныс-тілектерді де ескерусіз қалдырып жатқан жоқпыз. Халықаралық тәжірибені де негізге алып жатырмыз.

Людмила бұлай нық сөйлеуі бекер емес. Ол арнайы заң жобасын дайындап жатқан жұмыс тобындағы 20 адамның бірі. Айтуынша, алғашқы қадамдардың жасалғаны қуантады. Оған жауап ретінде енді педагогтар да өз біліктіліктерін жетілдіріп, өз ісінің хас шеберіне айналуы керек. Осы мақсатта үнемі арнайы курстар ұйымдастырылып тұрады. Бұған сала жастарды ынталандыру мәселесіне ерекше ден қойылған.

Нұржанат Сұлтанайқызы, балалар психологы:

- Мысалы, маман бакалавриатты алып келгеннен кейінгі оның мәртебесі ескерілсе, қызыл дипломға бітірсе, ол кішкене жоғары деңгейде, ал көк диплом алғандар кішкене төмен деңгейде деген сияқты. Соның бәрі педагогтардың мәртебесінің өсуіне әсер етеді.

Әрине, салада қордаланып қалған мәселе өте көп және оны бірер минутта айтып тауыса алмасымыз анық. Ең басытысы – Мемлекет басшысы өз жолдауы аясында нақты міндеттерді жүктеді және оның жүзеге асуына тек педагог мамандар ғана емес, бүкіл ел мүдделі десе болады. Өйткені тұтас мемлекеттің болашағы дәл осы балабақшалардан басталады.

Авторлары: Аслан Қаженов

Хабар 24 телеарнасы