386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 20 жастағы студент коворкинг орталығын ашты

  • 925
  • UPD: 07:59, 28.12.2018

Ақтаулық студент аймақ жастары үшін коворкинг орталығын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда кез келген маңғыстаулық өрен тың идеясын жүзеге асыра алады. 20 жастағы Мұқаш Бекенұлының өзі аз уақытта 4 бірдей әлеуметтік жобаға мұрындық болған. Мәселен нәзік жандыларға қатысты әлеуметтік мәселені талдап, шешімін табуға бағытталған «Қыз жолы» жобасы 100-ге жуық қыз балаға қол ұшын берген. Электрондық поштаға күніне онға тарта хат келеді екен. Іріктеліп, аптасына екі рет оқырманға жарияланады. Қыздар арасындағы төбелес, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау сынды өзекті сауалдар жастармен кездесуде талқыланады. Бастамашыл студент келер жылы жетім және тұрмысы төмен отбасы балаларына кәсіпкерлік негіздерін тегін оқытатын курс ашпақ. Жалпы биыл облыста 14 миллион теңгеге 19 стартап жобасы жүзеге асырылды.

Рухия Кемалова, студент:

Қыз тәрбиесі, қазақ қызына жат нәрселерден бөлек болуы, қай жерде қандай қылықтарын көрсету керектігі туралы талқыланған болатын. Жалпы бұл жоба аясында менің алған әсерім өте жоғары. Өйткені мен өзіме керекті мәліметтерді ала отырып, олармен қасымда жүрген құрбы-құрдастарыма бөлісе аламын.

Мұқаш Бекенұлы, қоғамдық ұйым жетекшісі:

- Жаңа семинар-тренинг форматында 1500 студентті қамтыған үлкен жиын өткіздік. Одан бөлек 200 студентке жобалау тақырыбында арнайы семинар өткіздік. Әрбір колледжде кемі екі әлеуметтік жоба болса және оны жүзеге асырса деген идея болды. Және біз оған жеттік деп ойлаймын. Себебі бүгінде орта оқу орындарда бұл жобалар жүзеге асып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы