411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық ТЖД: Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда

  • 628
  • UPD: 17:14, 06.02.2019
Елордалық ТЖД: Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда elorda.info

Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда, - деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалық тақталардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін.

«Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!», деп ескертті төтеншеліктер.

Хабар 24 телеарнасы