383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде автонесиелеу арқылы 14 мыңға жуық қазақстандық көлік алған

  • 586
  • UPD: 23:19, 19.02.2019
Елімізде автонесиелеу арқылы 14 мыңға жуық қазақстандық көлік алған Informburo.kz

Елімізде соңғы 4 жылда жеңілдетілген бағдарлама арқылы 14 мыңға жуық қазақстандық көлік сатып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында 40 миллиард теңге бөлініпті. Бұған қоса лизингке берілген 747 техника бар. Автонесиелеу бағдарламасы арқылы сатылған көліктердің жалпы құны – 65,9 млрд теңгені құрайды. Сәйкесінше оның 56 миллиарды жеңіл көліктердің бағасы болса, қалған бөлігі коммерциялық техникаларға тиесілі. Сала мамандары бағдарлама отандық автоөндірушілер үшін айтарлықтай қолдау болғанын айтады. Бұған қоса халықты қолжетімді несиемен қамтамасыз етуге көмектескен.

Хабар 24 телеарнасы