443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңірлерде нан бағасы неліктен құбылып тұр?

  • 1198
  • UPD: 23:52, 26.02.2019

Ел аймақтарында нан бағасы құбылып тұр. Екінші сұрыпты ұннан жасалатын ас атасының бағасы кей өңірлерде 10-15 теңгеге қымбаттап кетті. Мәселен, Ертіс өңірінде 500 грамдық нан 75-тен 85 теңгеге, Солтүстік Қазақстанда тіпті 91-ден 105 теңгеге дейін бірақ шарықтады. Мамандар баға өсімін шикізаттың қымбаттауымен байланыстырып отыр.

Ертіс өңірінде 17 наубайхана халыққа күнбе күн нан-тоқаш өнімдерін ұсынады. 500 граммдық формалы ас атасының бағасы 10 теңгеге бірақ қымбаттады. Қазіргі уақытта бір нан 85 теңгеден сатылуда.

Қатира Шахметова, қала тұрғыны:

- Біз енді пенсиядамыз. Пенсияны ақырын жеткіземіз, не болса да. Бар мамақты алып ішуге, керек нәрселерге. Басқа тамақтар, мысалы, ет деген, жұмыртқа деген, май вообще қымбат.

Мамандардың айтуынша, өнім бағасының өсуі негізгі шикізат - бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауы себеп. Біршама уақыт бұрын келісі 73 теңгеден сатылған ұн 80 теңгеге көтерілген. Бөлшек саудада нан бағасын ұстап тұру қиындау екені түсінікті. Сондықтан, әзірге баға 30 әлеуметтік дүкенде 85 теңгеден аспайды. Өзге сауда нүктелері нанды 90-95 теңгеден саудалауда.

Марат Асипов, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта әлеуметтік дүкендермен меморандумға отырдық. Бұл сауда нүктелері нанның бағасын 85 теңгеден асырмауға келісті. Енді ірі сауда желілеремін уағдаласпақпыз. Бұл өнім бағасын тұрақтандыруға бағытталған істер.

Бүгінде қала тұрғындары бір тәулікте 65 мың бөлке нан тұтынады. Бұл қажеттіліктің төрттен бір бөлігін Павлодар нан-тоқаш комбинаты өтейді. Кәсіпорын өкілдері өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр. Себебі, шығынға бата берген.

Виталий Сартаков, нан-тоқаш комбинатының директоры:

- Соңғы үш аптада шикізат бағасы қамбаттай берді. Бағана ұстап тұруға тырыстық. Бірақ көпке соза алмадық. Мәселен, қарабидай ұны 27 теңгеге қымбаттады. Жағдай өзгермесе нанды 105 теңгеге көтереміз.

Билік бағаны реттейміз деп тырысқанмен астық өндірушілер әлемдік нарыққа тәуелді. Нарықта бидайдың үшінші сұрыбының бір тоннасы 55 мың теңгеден 65 мың теңгеге қымбаттаған.

Ерлан Тоқтұшақов, «Ертіс-агро» кооперативінің басқарма төрағасы:

- Бұл нарықтың талабы. Біздің нарыққа қосымша астық керек. Біз ұн тарту кәсіпорындарымен серіктестік орнатуға дайынбыз. Келіссіөзге де тарттық. Бірақ екінші тараптан қолдау жоқ.

Аймақтық «Азық-түлік корпорациясы» өкілдігі де осындай пікірде. Сонымен қатар, шикізатты сатып алудың қызыған шағындағы баға өсімі себеп. бүгінде қамбаларда өнім жоқ емес, бар. Павлодар облысының мемлекетті кқорында 31 мың дән сақтаулы. 

Мақсұт Шаймарданов, «Продкорпорация ҰҚ» аймақтық өкілдігінің директоры:

- Дегенмен, қазіргі уақытта 10 мың тоннаны екі облысты қосқанда 4,5 мың тонна ғана сатып алынды. 2,5 мың тонна Шығыс Қазақстандікі, 2 мың тонна Павлодар. Павлодар облысында жағдай қиындау. Соның себебі вагондар жетіспей, экспортта орын болмай қалды. Павлодар элеваторына қатысты. Сондықтан бір себебі осы основной.

Нан бағасын тұрақтандырудың оңтайлы жолы - әлеуметтік астық сатып алу дейді мамандар. Мәселені шешу мақсатында алдағы уақытта 1 мың тонна астық сатып алынбақ. Әзірге өнім қандай бағамен сатылып алынатыны белгісіз. Дәл осындай механизм  бес жыл бұрын қолданыста болған.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Олжас Керейхан, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы