378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы түзету мекемесінде қыз-келіншектер жазасын өтей жүріп еңбек етеді

  • 537
  • UPD: 15:33, 08.03.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/21 түзету мекемесінде бүгінде 175 қыз-келіншек жазасын өтеп жатыр.

Қазір істі болған нәзік жандарды еңбекпен қамту ісі негізгі мәселе. Сондықтан мекеме ішінде тігін және кондитер цехы ашылған. Бүгінде онда 100-ден аса әйел еңбек етеді. Олар дайындаған нан-тоқаш өнімдері сол маңдағы ауылдарға таратылса, арнайы киімдерге кәсіпорындар тапсырыс береді. Ал мекемеде 8 наурыз меркесіне орай Ашық есік күні ұйымдастырылды.  

Феруза Тулағанова түзету мекемесінде 2007 жылдан бері отыр. Сол уақыттан бері кондитер цехында еңбек етеді. Еңбекақысының жартысы сот шешімі бойынша мемлекеттік өндірске жұмсалса, қалғанын отбасына жібереді. Негізгі мамандығы аспаз Феруза бостандыққа шыққан соң да осы кәсібін жалғастырмақ.

Феруза Тулағанова, жазасын өтеуші:

- Бұл жердегі психологтар, тәртіп бөлімі, мекеме әкімшілігінің арқасында аяққа тұрдым. Осы істеп жатқан жұмысым ұнайды. Шыққан кезде де осы жұмысты жалғастырамын.

Цехта Феруза тағдырлас тағы 14 әйел жұмыс істейді. Олар күніне 200 нан, 500-ден астам тоқаш және тапсырыс  бойынша  тәтті-тәпсектің бірнеше түрін шығарды. 

Елена Заврикина да ұзақ мерзімге сотталған. Жазасының негізгі бөлігін өтеген. Мекемеде тігін цехы ашылған күннен бастап жұмыс істейді. Ал бұл цехтағы 15 тігінші көрпе-жастық пен арнайы киім-кешектің барлық түрін тігеді.

Елена Заврикина, жазасын өтеуші:

- Шыққан соң жұмысқа тұрып, басқаша өмір сүргім келеді. Жақын уақытта немерелі боламын. Соған дұрыс тәрбие мен сапалы білім бергім келеді. Өйткені қызыма тәрбие бере алмадым. Енді олар менің қателегімді қайталамаса екен.

Қазір бұл мекемеде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектің 70 процентінің орта білімі бар. Ал білім алып үлгермегендер болса кешкі мектепте оқиды. Оған қоса коллежде арнайы мамандық та алады.

Жақсылық Алтаев, ОВ 156/21 түзету мекемесінің бастығы:

- Біздің мекемеде орналасқан кешкі мектепте орта білім алу жұмысына атсалысамыз. Жарма колледжіне арнайы білім береміз.

Көбісі ұзақ мерзіміге сотталса да болашақтан үміт үзбейді. 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырлған Ашық есік күніне келген-туыс туығандарын көріп арқа-жарқа болды. Ал мекеменің бұрынғы қызметкерлері мен ардагерлер концерт қойды.    

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы