378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде автокөлік экспорты арта түседі

  • 136
  • UPD: 23:45, 12.03.2019
Елімізде автокөлік экспорты арта түседі

Қостанайдағы автозауыт былтыр 12 мыңға жуық жеңіл және ауыр көлік шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның барлығы өз тұтынушысын тапқан. Автобустар мен жеңіл көліктердің 90 проценті ішкі нарықта саудаланды. Экспорт ауқымы да артып келеді. Былтыр шетелге 840 миллион теңгеге темір тұлпар сатылған. Негізгі тұтынушылар – Тәжікстан және Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдер. Биыл өндіріс көлемін 20 мың көлікке жеткізу жоспары тұр. Электромобильдердің сериялық өндірісі де арта түседі.

Сергей Могилатов, автозауыт директорының орынбасары:

- Биыл кем дегенде 1,5 мың автокөлікті сыртқа өткіземіз. Негізгі тұтынушымыз – Ресей, одан қалды Қырғызстан, Тәжікстан, сосын Әзербайжан жағы да қарастырылып отыр. Өндіріс көлемінің ұлғаюына модельдер желісінің кеңеюі және жаңа көлік түрлерін барынша игеру ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы