388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

  • 757
  • UPD: 13:25, 13.03.2019
Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады tengrinews.kz

Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады:

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден 23 наурыз күні;

- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар №49/50 Алматы-2 - Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.

Хабар 24 телеарнасы