379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қоғамдық көлік қозғалысы бақылауға алынды

  • 171
  • UPD: 07:33, 27.03.2019
Павлодарда қоғамдық көлік қозғалысы бақылауға алынды

Павлодарда жыл басынан бері  жолаушылар таситын  автобустардың қатысуымен 3 жол –көлік апаты тіркелген.

Соның салдарынан 7 адам зардап шегіпті. Бүгінгі таңда  жол – патрульдік қызметі қоғамдық көлік қозғалысын қатаң бақылауға алған. Олар күн сайын жүргізушілердің жағдайын,  құжаттарының дұрыстығын және  көліктің техникалық ахуалын тексеруден өткізеді. Ал 2018 жылы облыс орталығында тіркелген 7 жол апатынан 7 адам жарақат алып, 1 адам мерт  болған. Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы жан түршігерлік жол апатынан  кейін полиция қызметкерлері қоғамдық көліктегі бақылауды күшейтті.

Серік Жұмалиев, жол–патрульдік қызметі бөлімінің басшысы:

- Жыл басынан бері бізде 300-ге тарта жол жүру ережесін бұзу дәйегі анықталды. Олардың ішінде 10-ы көлік ішін  өзгертуге  қатысты болса, 50 әкімшілік материал техникалық жағдайына байланысты толтырылды. Бүгінгі таңда алкогольді ішімдік ішіп көлік басқарғандар  кездеспеген. Бірақ  сәйкес құжаттары болмай шыққан  яғни  көлік жүргізу құқығынан айырылғандар бар.

Хабар 24 телеарнасы