389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай бірнеше акция өтті

  • 816
  • UPD: 15:30, 02.04.2019

Аутистикалық  спектр ауытқушылығы бар балаларды ортаға үйретіп, оларға белсенді өмір дағдысын қалыптасыруда  жан-жақты қолдаудың орны бөлек.

Өскеменде  бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай өткізілген бірнеше акция осының бір дәлелі іспетті.  Аутизм мәселесі Өскеменде қаншалықты өзекті болып тұр, мамандар не дейді?

Эльмира Ахметова тілші:

- Ресми мәліметтерге сүйенсек  2017 жылы еліміз бойынша 50 мыңнан астам балаға  аутизм диагнозы қойылған. Ал біздің облысымызда бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1500-ге жуықтап тұр. Дегенмен, жұмыла көтерген жүк жеңіл, көрсеткіш көбейіп бара жатыр деп қол қусырып отыруға болмайы. Сондықтан аутизм ауыртпалығы тек оған ортақтассақ қана азаяды деген сенімдер мамандар.

Өскеменде бір қатар ілікті акцияар ұйымдасырылды. Мәселен қаладағы коррекциялық мектеп бүгін осы аутизм мәселесін зерттеп ең соңғы әдістемелерін таныстырды.Ондағы әдіскерлер бұндай ерекше балаларды ең алдымен спортқа бейімдеуге басымдылық береді екен. Тек осыдан кейін ғана қасық, кесе ұстау, киімдерін кию сияқты тұрмыстық дағдыларын қалыптастырады. Соның арқасында бұндай  балалар ортаға тез ыңғайланып,көпшілікке үйренеді,басқа балалармен араласып,қоғамда өзін ұстауға қалыптасады. Ал  біз тұрған жоғарғы оқу орындарының бірінде аутизм санатындағы балалар мен олардың ата аналарының басын қосқан акция өтті. Бұндағы мақсат тағы да сол осындай жандардың қоғамнан өз өмірін табуға сеп болу. Өйткені осындай мәселемен бетпе-бет келген ата-аналар көбінесе өзімен өзі оқшауланып не істерін білмей дал болады. Өйткені аутизм әлі ғылымда толық анықтамасын таппаған жұмбақтау дүние екені белгілі.

- Бүгінгі акция қандай нәтиже береді деп ойлайсыз?

Мадина Ауренова, психолог:

- Әрине бұл проблема әлі шынымен де қандай да бір нақты анықтамасын алды деп айта алмаймз тіпті осындай ауытқушылығы бар балаларды емдеудің де бір нақты жүйесі жоқ,дегенмен мамандар ізденіс үстінде. Ата-ана үшін бүгінгі күн ол ортамен араласу, осындай балаларды қайткенде біз ортаға бейімдеп кете аламыз, қандай писхологиялық әдістер бар, қандай жаңалықтар бар. Ондай бала тәрбиелеп отырған ата ана жалғыз емес олар қоғамнан қолдау табу қажет.

- Осы аутизм диагнозы қойылған жандарды болашақта еңбекке араластыру бойынша қандай қадамдар бар?

Дұрыс айтасыз бұндай балалар арасында өте дарындыларын, өте білімділері  бар. Тек соларды қолдап жұмысқа деген қабілетін арттырып жіберсе болғаны. Мәселен, осыған рай Өскемендегі коррекциялық мектеп  ондай бүлдіршіндерді безендіру,бейнелеу өнеріне баулуды қолға алды. Өйткені олар да да толыққанды өмірге араласуға құқылы.

Хабар 24 телеарнасы