379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 4 млн 200 мың гектарға дәнді дақыл себіледі

  • 105
  • UPD: 23:05, 16.05.2019

Солтүстік Қазақстанда алқапқа соқа түсіп, егістік жұмыстары басталды.

Биыл аймақта 4 миллион 200 мың гектарға дәнді дақыл себіледі. Сәтін салса, шаруалар науқанды маусым айының алғашқы онкүндігінде аяқтауды жоспарлап отыр. Өйткені диқандар жанар-жағармай, тұқым қорын қамдап алған.

Ауыл шаруашылығы саласында көп жылғы еңбек өтілі бар Геннадий Степанов жаңа техниканы тізгіндеді. «Көктемнің әр күні қымбат екенін түсінетін азамат топырақтағы ылғал тартылмай тұрғанда тұқым сеуіп үлгеруіміз», – қажет дейді. Сондықтан мамандар екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті.

Геннадий Степанов, механизатор:

– Бұрын ескі техникада шаруаларды өзіміз атқаратын едік. Ал қазір компьютер арқылы бақылап ғана отырамыз. Барлығы автоматтандырылған. Көңіл күйіміз керемет. Өйткені жұмысымыз алға басып жатыр.

Биыл қыста өңірде қар қалың түсті. Бұл жер емген диқандар үшін әрине тиімді. Сондықтан шаруалар бірінші кезекте егістік жұмыстарын бидай себуден бастады. 

Көктемгі дала жұмыстарына 14 мыңға жуық техника шықты. Ал оның 800-і биыл жаңадан сатып алынды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Қазір дала төсінде жұмыстың нағыз қызған шағы. Өйткені ризығын жерден табатын диқандар қауымы әр күнді тиімді пайдаланып қалуға асық.

Ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын Солтүстік Қазақстанның шаруалары 4 миллион 200 мың гектар алқапқа ырыс дәнін сіңіреді. Оның 2 миллион 800 мыңына бидай себіледі.

Қуандық Шакубаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Үкімет тарапынан облысқа жалпы көлемі 66 600 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Диқандар оны наурыз айынан бастап алып жатыр. Жалпы биыл біздің шаруаларға 40 миллиард теңге көлемінде субсидия беріледі.

Облыс бойынша көктемгі егіс бесінші маусымға дейін жалғасады. Ауа райы қолбайлау болмаса, оған толықтай мүмкіндік бар.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы