389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық кәсіпкерлер ауылдың 2 шақырым жолын өз есебінен жөндетуде

  • 273
  • UPD: 13:29, 20.05.2019
Маңғыстаулық кәсіпкерлер ауылдың 2 шақырым жолын өз есебінен жөндетуде

Маңғыстау облысындағы ауыл кәсіпкерлері сауапты істі қолға алды.

Олар ұзындығы екі шақырымдай көлік жолын қалпына келтіріп жатыр. Қазір құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Атамекен және Басқұдық ауылдарын қосатын көшеге құм төселіп, тегістелуде. Бұл үшін жеке кәсіпкер екі арнайы техника бөлген. Тағы бірі құрылысқа топырақ жеткізіп, жұмысшылармен қамтыған. Жоспар бойынша бір аптадан соң асфальт төселмек. Оны сатып алуға жомарт жүрек тұрғындар 7 млн жуық теңге жинапты. Айтуларынша, жолды жөндеуден артылған қаражат көше бойына шамдар орнатуға жұмсалады.

Әбдірахман Қошқаров, ауыл тұрғыны:

- Мешіт салынғаннан кейін бұл мешітке халқымыз, тұрғылықты тұрғындар еркін келіп-кетуіне жеңілдік болу себебімен идея туындады. Бір шақырымнан жоғары жолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз қазір. Осы санаулы күндерден кейін бұйырса үстіне асфальт төсейміз деген ойымыз бар. Біреулер өз еркімен келіп, қолдарына күрек алып көмектесіп жатыр. Біреулері су тасымалдап, трамбовка жұмыстарын жүргізіп жатыр. Маған қоңырау шалып, қандай көмегіміз бар деген үндеулерін білдіріп жатыр кәсіпкерлер.

Ғабит Әбдіғаппарұлы, Басқұдық ауылдық мешітінің бас имамы:

- Мына жаққа жүру өте қиын еді автокөліктердің жүруі. Мысал үшін асфальтқа шыққанға дейін араға шамамен жиырма минут, жарты сағаттай кетеді. Ойлы-шұңқыр, қыстың күндері балшық болады. Қазір жолдар тегістеліп, ел-жұртымыз қуанып, төбесі көкке жетіп жатыр. Осындай бір ізгі шараны қолға алып жатыр екен, ол кісілерге тек табыс тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы