378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда салқын және ыстық су беру уақытша тоқтатылды

  • 164
  • UPD: 23:16, 29.05.2019
Оралда салқын және ыстық су беру уақытша тоқтатылды Molnet

Оралда магистралды кәріз коллекторында болған ақау салдарынан қаланың басым бөлігінде салқын және ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Деркөл кенті аумағындағы кәріздік сорғы стансасына жақын маңдағы диаметрі 800 мм болатын құбыр жарылған. Қалпына келтіру жұмыстарына «БатысСуарнасы» ЖШС-нің 39 техникасы мен 70 шақты жұмысшысы жұмылдырылды.

Қала əкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта арнайы техникалардың көмегімен бұзылған желілерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Авторы: Талғат Жұбанышев

Хабар 24 телеарнасы