389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин дауыс берді

  • 482
  • UPD: 13:45, 09.06.2019
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин дауыс берді parlam.kz

Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық қалаулысының айтуынша, бүгін барлық қазақстандықтар өз конституциялық міндетін орындауы тиіс.

«Мен таңдау жасарда үнемі сенімді боламын. Бүгін де үлкен сенімділікпен дауыс бердім», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, еліміздің Ұлттық кітапханасында орналасқан №111 сайлау учаскесінде 4661 тұрғын тіркелген. Таңсәріден ел азаматтары таңдауын жасауға белсене бет алған учаскеде барлығы 38 бақылаушы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы