389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жағажай қауіпсіздігін полиция мен еріктілер бақылайды

  • 449
  • UPD: 14:33, 08.07.2019
Шымкентте жағажай қауіпсіздігін полиция мен еріктілер бақылайды

Шымкентте су айдынына шомылушылардың қауіпсіздігін құтқарушылардан бөлек полиция мен еріктілер де бақылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аптап ыстық басталғалы бері қала маңындағы аквапарк пен өзендерге барушылардың саны артқан. «Мас күйде суға түсуден бөлек, баласын қараусыз жіберетін тұрғындар көп. Жауапкершіліктің жоқтығы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады», – дейді құтқарушылар. Былтыр төрт адам суға кеткен. Оның екеуі жеткіншек. Ал биыл шомылуға қауіпті 16 аймақ белгіленді. Ол жерлерде құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарады.

Айта кетейік, көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары жүзуге тегін жаттығады. Осы мақсатта шаһар әкімдігі демалыс орындары басшыларымен келісімге келген.

Ерғали Бахаев, ТЖД басшысының орынбасары:

– Біздің оңтүстік өңірде, өздеріңіз білесіздер, сәуір айынан бастап қазан айына дейін шомылу маусымы созылады. Сол кезде көптеген қайғылы оқиғалар орын алады. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін біздің Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласындағы су қоймалары мен шомылу орындарында рейдтік жұмыстар, сонымен қатар түсіндірме жұмыстар жүргізіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы