386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Бақытты отбасы» бойынша алғашқы несие берілді

  • 168
  • UPD: 15:56, 15.08.2019

Елордада «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 719 өтінім қабылданды.

Жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық несие «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріліп жатыр. Өтінімдердің 253-і мақұлданған. Яғни осынша отбасы баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Қалғандарының өтініші рет-ретімен қаралады. Бағдарламаға көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Жан басына шаққандағы кіріс 42 мың 500 теңгеден аспауы керек. Ал бастапқы жарна несие сомасының 10 пайызына пара-пар. Бүгін банктің орталық филиалында алғашқылардың бірі ретінде құжат тапсырған отбасыларға тұрғын үй несиесі берілді.

Тоғжан Смайылова, қала тұрғыны:

- Құжатымызды өткізгеннен кейін бізге айтты баспана іздеңіздер деп. Баспананы таптық. Бағасын беріп, өткіздік. Екі бөлмелі 55 квадрат пәтерге ие болып отырмыз. Бастапқы кезден бері 1 ай уақыт өтті. Жолдама болады. Үй иесімен келісім болады.

Марина Орынбаева, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бизнесті басқару басқармасының бас маманы:

- Бақытты отбасы бағдарламасы үш категория бойынша беріледі. Олар жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұру керек. Бұл бағдарлама бойынша үкімет тарапынан беріліп отырған қаржы бар. Ол 50 млрд теңге. 2019 жылға. Сол қаражат аймақтар бойынша бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы