386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде көмір шілде айынан бастап сатылды

  • 101
  • UPD: 08:08, 11.09.2019
Өскеменде көмір шілде айынан бастап сатылды

Өскеменде биыл көмірмен қамту барысында қарбалас болмайды деп болжанып отыр. Жергілікті әкімдік пен кен орыны арасындағы меморандумға сай шілденің басынан бастап қаладағы екі қоймадан қатты отын таратыла бастады.

Негізі көмір бағасы 9100-9200 тг  шамасында. Ал әлеуметтік көмір бұдан 450 теңгеге арзан. Жалпы қалада жеңілдетілген бағадағы отынға мұқтаж 7 мыңнан астам отбасы бар болса, соның тең жартысына 16 мың тоннадан астам отын жеткізіліпті. Дегенмен қоймада әлі де көмір бар. Сондықтан әкімдік өкілдері тұрғындарды қара күздің соңын күтпей, қысқа ертерек қамдануға кеңес береді. Айта кету керек, өткен жылы қойма басында ұзын сонар кезек түзіліп, халық біршама әуреге түскен еді. Әлеуметтік санатқа бөлінген 30 мың тонна көмір жетпей қалған болатын. 

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Биыл соның бәрін ескеріп,тағы 10 мың тонна көбірек алдық, жалпы 40 мың тонна былтыр тұрақты жүйе болмаған ал биыл бір жүйе қалыптастырды, біріншіден біз жарнамалар жасадық,халық арасында екіншіден сату мерзімі ерте басталды.

Хабар 24 телеарнасы