389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда 8 айда 2500-ден аса қылмыс жасалған

  • 160
  • UPD: 09:38, 22.09.2019
Талдықорғанда 8 айда 2500-ден аса қылмыс жасалған

Осы жылдың 8 айында Талдықорғанда 2500-ден аса қылмыс жасалды.

Соның 100-ге жуығы сыртқы бейнебақылау камералары арқылы ашылып отыр. Қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұндай құрылғылардың санын арттыру көзделіп отыр. Олар шаһардың жаңа ықшам аудандары мен қоғамдық орындарға қойылатын болады. Әсіресе, тәртіп жиі бұзылатын жерлерге орнатылады. Өңірде өткен «Аулада қабылдау», «Көшеде қабылдау» акциялары кезінде де тұрғындар аулаларды да қамту керектігін көтерді. Сол арқылы көліктерді ретсіз қою, ойын алаңы маңында ішімдік ішу, пәтер тонау сынды заң бұзушылықтарды тыюға болатынын атап өтті. Әрі жүргізушілердің жылдамдығын бәсеңдетуге арналған жасанды кедергілерді орнату қажеттігін айтты. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 870 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Мұрат Ұрымханов, облыстық ПД басшысы:

– Келесі жылы 500 сыртқы бейнебақылау камерасына тапсырыс беріп отырмыз. Өйткені қала аумағы ұлғайып келеді. Әрбір аула, көпшілік жиналатын қоғамдық орын бақылауда болады. Бұл өз кезегінде заң бұзушылықтар мен қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы