380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО: мереке күндері қар құрсауынан 65 адам құтқарылды

  • 150
  • UPD: 08:22, 06.01.2020

Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері қар құрсауынан 65 адам құтқарылды. Араларында 12 бала бар. Есіл ауданында полицейлер көлікпен көл басында қалып қойған балықшы мен баласын шығарып алды.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңажылдық мереке күндері боран соғып, Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев, Мамлют аудандарында жолдар жабылды. Тіпті бір ауылға арнайы көлікпен жетуге тура келді.               

Кирилл Иванников, облыстық ТЖД бөлімі басшысының м. а.:

- Тимирязев ауданы Цилинное ауылына жол талғамайтын арнайы техника жіберілді. Онда бір адам ұйқы безінің қабынуынан ауырып қалған. Құтқарушылармен бірге дәрігер де барып, дер кезінде көмек көрсетті. 

Қалада да қысқы қарбалас. Петропавлда қар тазалау жұмысы кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі. Бірақ коммуналдық қызмет техникасын жер үйдің тұрғындары сирек көретін сыңайлы.   

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Жер үйдің тұрғындары есік алдындағы қарды осылай жолдың жиегіне шығарып, оны коммуналшылар алып кетуі тиіс. Міне адамдар қарды үйіп қойған, бірақ коммуналшылар жоқ. Петропавлдағы тағы бір өзекті мәселе – қыста жаяу жүргіншілер жолағы тазаланбайды. Сондықтан тұрғындар осылай көшемен жүруге мәжбүр. 

Шенеуніктердің айтуынша, қаладан күніне 3 мың текше метр қар шығарылады. Коммуналдық қызмет техникалалары барлық көшеге жете алмайды. 

Дулат Шәріпов, қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жер үйлердің қары ақпан, наурыз айларында шығарылады. Бұл су басуы мүмкін Ойқала ауданы, Береке және Жұмысшы кенті. Қазір ондағы негізгі көшелер тазартылып жатыр.

Қаланы қардан тазалауға 12 ұйым жұмылдырылған. Ал күндіз көшелерге құм себіледі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы