411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы коронавирус жұқтырғандардың барлығы Қырғызстаннан келген

  • 715
  • UPD: 19:11, 27.03.2020
Жамбыл облысындағы коронавирус жұқтырғандардың барлығы Қырғызстаннан келген

Соңғы тәулікте Жамбыл облысында тағы екі коронавирус жағдайы тіркелді. Облыста барлығы 3 науқас анықталып отыр.

«Тіркелген үш оқиғаның үшеуі де бір-бірімен байланысы жоқ. Ол азаматтардың барлығы да Қырғызстан Республикасынан келген қазақстандықтар. Бірінші азамат – 1974 жылғы Қордай ауданының тұрғыны, ол Қырғызстан Республикасында болған. Шекерадан өткен соң 1 күндік карантинге алынып, оқшауланды. Сынымалар алынып, нәтижесінде одан коронавирус анықталды. Үшінші науқас та Қордай ауданының тұрғыны. Бұл азамат та Қырғызстаннан келген», - деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланды.

Індет жұқтырған науқастардың жағдайы бірқалыпты, денсаулықтарына шағым жоқ. Диагнотикалық протоколға сәйкес ем жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы