421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында аудан орталығы күн электр стансасының игілігін көруде

  • 350
  • UPD: 08:31, 30.03.2020
Түркістан облысында аудан орталығы күн электр стансасының игілігін көруде

Түркістан облысы Жетісай ауданының орталығы енді жарықтан тапшылық көрмейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұған дейін шағын қалада электр энергиясы жиі сөнетін. Ал аудан электр қуатын Өзбекстан елінен алып келген. Бұл мәселелер артта қалды дейді жергілікті әкімдіктің коммуналдық салаға жауаптылар. Енді мұнда заманауи күннен қуат алатын электр стансасы бой көтеріп, ел игіліне жұмыс істеуде. Жетісайдағы ескі қоқыс полигонының орнына салынған жобаның құны 2,5 млрд теңгені құрайды. 10,7 гектар аумаққа орналасқан күн электр станциясының қуаттылығы 4,8 МВт. Қазіргі таңда станса толық күшімен жұмыс істеп тұр.  Аталмыш жоба кәсіпкерлердің жеке қаржы есебінен іске асырылған. Күн электр стансасының құрылысын германиялық мердігер компаниясы жүргізіпті. Заманауи технологияға күн ғана емес, желдің де әсері бар дейді мамандар.

Нұрлан Бозаев, Жетісай аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының М.А:

– Бұрын бізде электр тоғында үзіліп, өшіп қалатын жағдайлар болатын. Қазір ол кедергілер жойылып, тұрақты тұтынушыларға беріліп жатыр. Ауа райының еш кедергісі жоқ. Жаңбырда да, қарда да жұмыс істей береді. Заманауи станса бұл жерде жаңа технологиялар пайдаланылған. Инновациялық геотреклер дейді. Күннің жылжуына байланысты өзі артынан жүреді.

Хабар 24 телеарнасы