427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемеақы алды

  • 327
Алматы облысында 1448 медицина қызметкері үстемеақы алды

Бұл мақсатқа республикалық қазынадан 106 млн 796 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай үстемеақыны алу мүмкіндігіне өңірдегі 205 дәрігер, 882 орта және 361 кіші медициналық қызметкер ие болды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 1 мың 023 медицина қызметкеріне бір жалақы көлемінде сыйақы тағайындалады.

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Коронавирус індетіне қарсы күреске шыққан медицина қызметкерлеріне Алматы облысының резервінен 137 млн 168 мың теңге бөлінді.. Негізінен әр мекеменің өзінде комиссия құралып,  сол індетке қарсы жұмыс істеген қызметкерлердің аты-жөндерінің бәрін бір толықтай тізімге қосып, солай берілді.

 

Хабар 24 телеарнасы