418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандық кәсіпкерлер Президентке үндеу жариялады

  • 448
  • UPD: 21:24, 03.06.2020
Шығысқазақстандық кәсіпкерлер Президентке үндеу жариялады

Шығыс Қазақстанда тендерге қатысты дау көбейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы жол, құрылыс және геологиялық зерттеу саласында талай жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуда жемқорлық бар екенін айтып, Президентке үндеу жариялаған. Осы материал кеше біздің эфирден өткен соң облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы комиссия құрды. Оның құрамында облыстық прокуратура, жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, мемлекеттік ішкі аудит тәрізді бірнеше құзырлы органның өкілдері бар. Бірақ кәсіпкерлер бұл комиссия құрамымен келіспейді. Өйткені олар дәл осы құзырлы орган жетекшілеріне бұған дейін арыз-шағым жолдағанымен, нақты жауап болмаған. Сондықтан алда дұрыс шешім қабылдайды дегенге күмәнданады. Кәсіпкерлерді алаңдататыны – комиссия құрамында ешқандай тәуелсіз сарапшы мен заңгердің жоқтығы. Сондықтан комиссияның Үкімет жанынан республикалық деңгейде құрылуын сұрап отыр.

Серік Мамаев, облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаментінің басшысы:

- Келісімшарт болғаннан кейін келісетіндер де, келіспейтіндер де бар. Әр кәсіпкерді қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себепті өздерінің келіспеушілігін жеткізіп жатыр. Шағымдар түсіп жатыр. Шағымдарды комиссия қарастырады.

Болат Бағадев, кәсіпкер:

- Біздің бірі күнгі үндеуіміз Президенттің атына айтылған болатын. Сондықтан Үкімет тарапынан комиссия келеді деп күткенбіз.. Мына әкімшілік өз қолына бастаманы алып, өзінің қоластындағы азаматтарды бүліктің бәрін жасап отырған, солардан комиссия құрып отыр. Ол енді белгілі нәрсе ғой. Азаматтық қоғамнан ешкім қатысқан жоқ. Тек қана әкімшілік пен прокуратураны шақырған. Қалғаны бәрі қол астандағы адамдар. Енді олар өз-өзіне қарсы шыға ма?

Хабар 24 телеарнасы