420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«E-colledge» платформасы: Қызылорда колледждері автоматтандырылған жүйеге көшті

  • 278
«E-colledge» платформасы: Қызылорда колледждері автоматтандырылған жүйеге көшті

Қызылордада колледждер пандемия мәжбүрлеген қашықтан оқыту кезінде дағдарып қалмады.

«E-colledge» интернет платформасы аясында студентті оқуға қабылдаудан бастап, бітіріп шыққанға дейінгі процесс тұтастай автоматтандырылған жүйеге көшті.

Мәселен, Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушы құрамы 500-дей бейне дәріс пен үй тапсырмаларын алдын ала жүктеп, төтенше жағдай жарияланбас бұрын кері байланыс орнатып үлгерген. Оқу орнының мың жарымнан асатын студенті электронды оқулық қорын еркін пайдалана алады. Жазғы сессия барысында емтихандар онлайн-тестілеу және онлайн-жазбаша форматында ұйымдастырылып, 424 бітіруші түлектің білімі қашықтан электронды бағалау арқылы бақыланды. Цифрлық технологияны пайдалана білу дағдысын меңгерген колледж ұстаздары енді талапкерлерден құжатты электронды түрде қабылдауға кіріседі.

Бақытжан Сайлыбаев, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінің директоры:

- Студенттердің, оқытушылардың да цифрлық сауаттылығы арқасында туындаған қиыншылықта көп кедергі келтірген жоқ. Соңғы 3 жылдың ішінде колледжде цифрлық технологияны енгізу жол картасы даярланды.

Ақселеу Арлекеева, колледж түлегі:

- Біз оқуға қабылданған жылдан бастап цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен қолданып келеміз. «E-colledge» платформасы арқылы біз сабақ кестесін, үй тапсырмасын, өз үлгерімімізді және сессия уақыттарында қажетті ақпаратты ала алатынбыз. COVID-19 пандемиясында қашықтықтан оқуда тиімді «E-colledge» платформасын қолдандық.

Хабар 24 телеарнасы