420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы провизорлық стационар жабылады

  • 157
  • UPD: 17:41, 21.08.2020
Қостанайдағы провизорлық стационар жабылады

Қостанай қалалық ауруханасы бұрынғы жұмыс тәртібінде істеуге дайын. Екі ай бойы мұнда 250 орындық провизорлық госпиталь болған.

Осы аралықта стационарда 1 мың 253 адам ем қабылдап, жазылып шықты. Қазір ғимараттың бір бөлігі жабық тұр. Қалған 40 пациент арнайы корпусқа көшірілді. Алдағы аптада травматология, гинекология және хирургия бөлімдері дәстүрлі жұмыс режиміне көшпек. 

Данияр Жандаев, қалалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы: 

- Бос тұрған корпустарда үш сатылы залалсыздандыру шарасы жүргізілді. Операция жасайтын штат толық бекітілді. Біз тек пациенттерді күтудеміз. Әзірше адам жоқ. Олар емхана деңгейінде тексерістен өтулері тиіс. Болжам бойынша жұмыс дүйсенбі күні жанданады.

Хабар 24 телеарнасы